Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та 12 жасар бала ең таңдаулы университетке қабылданды

АҚШ-та 12 жасар бала  Корнелльск университетінің студенті атанды,- деп жазды The Guardian. Джереми Шулер  университет тарихындағы ең жас студент  екен.

студент
Шулер ешқашан мектепке барып білім алмаған. Оны үйінде  аэрокосметикалық бағытта инженерлік қызмет атқаратын ата-анасы оқытыпты. Джереми екі жасында-ақ ағылшын тілінде және анасының ана тілі кәріс тілінде жазып әрі оқуды меңгеріп алған екен. Бес жасында бала  Джон Толкиннің «Властелин колец» шығармасын еркін оқып,  Уильям Данэманың  атақты математикалық теоремаларын оқыған.

Мектеп жасындағы баланы жоғары оқу орнына қабылдағаннан кейін, ата-анасы да Итака қаласына қоныс аударуға шешім қабылдаған. Енді бұл отбасы Нью-Йорк қаласында тұрып жатыр.

Мектеп жасындағы балақай  қазір университет сабақтарын «оңай» деп бағалаған.

Джереми қабылданған университет Лиги плюща ЖОО қауымдастығына кіреді. Ол қатарда: Колумбиялық,  Браундық, Гарвард, Дартмундық, Йельдік, Корнелльдік, Пенсильвандық және  Принстондық университеттер бар. Бұл университеттер ешқашан АҚШ-тағы 15 ең жақсы оқу орындарының қатарынан түскен емес.

 

Талқылау