Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ сотына алғаш рет сөйлейтін тоты құс қатысып, иесінің өлтірілуін айтып бермек

2015 жылдың мамыр айында ерлі-зайыптылардың үйінде қайғылы жағдай болып, үй ішінен Мартин есімді ер адамның денесі табылған. Ол 5 жерінен оқ тиіп жараланған.

b25fdd2cc2f9a6

Сурет: tjournal.ru

Ал, әйелі басынан жарақат алған. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалған. Алайда, тергеу нәтижесі бойынша әйелдің өз өзін әдейі жарақаттан болуы мүмкін екені анықталған.

Қайғылы оқиғаға күнделікті болатын ұрыс-керіс себеп болған.

Оған дейін Мартиннің Кристина есімді әйелі болған. Осы оқиғадан  кейін Кристина бұрынғы күйеуінің өліміне қатысты тергеу жүргізбек болады. Үй ішінде иелерінің сөзін қайталаған тоты құстың болғаны анықталған. Ол Мартиннің «Кет!» деген, әйелінің «Мен қайда барам?» деген сөзін, кейіннен «Оқ атпа» деген сөзді қайталаған.

Мартиннің отбасы мен оның бұрынғы әйелі сотта тоты құсты сөйлетіп, істің мән-жайын анықтауды талап еткен. Бастапқыда прокурор бұған қарсы болғанымен, кейіннен мамандар құсты сотқа қатыстырудың мүмкіндігін тексеріп жатыр.

Осы секілді жағдай Үндістанда болып, тоты құс полицейлерге қылмыскерді табуға көмектескен еді.

Жіберіп алмаңыз:

Канадада ер кісі мен тотықұстың жанжалына полиция келіп араласты

Талқылау