Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ соты өлім жазасын кескен Царнаевты 101 млн. доллар төлеуге міндеттеді

АҚШ Федералдық соты 2013 жылы бостон марафонының мәресінде жарылыс әзірлеуге қатысушылардың бірі, өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевты зардап шеккендердің және қайтыс болғандардың отбасына 101 млн. доллар төлеуді міндеттеді.

20160116103838

Бұл туралы  Би-Би-си хабарлады.

Дегенмен Ассошиэйтед Пресс бұл шешімнің орындалуы қиын, өйткені Царнаевта мұндай ақша жоқ, түрмеде табыс табудың реті және жоқ, деп атап өткен.

Сонымен қатар сот сотталушының оның ісін қайта қарау және сот отырысын басқа қалада өткізу туралы өтініштерін кері қайтарды. Сот істі жарылыс болған жерде қарау алқа билерге қосымша қысым көрсеткен жоқ деп санайды.

Царнаевты 3 адам мерт болып, 250-ден астамы жараланған екі жарылысты әзірлеуге қатысты деп айыптады. Тергеу нұсқасы бойвнша, ол өзінің ағасы Тамерланның сыбайласы болған.

Тамерлан Царнаев жарылыстан кейін оны ұстауға тырысқан полиция оғынан қаза тапты. Джохар Царнаев кейінірек қолға түсті. Ұстау кезінде ауыр жарақат алды, емделіп шыққаннан кейін ғана сот алдына келді.

2015 жылғы мамырда Царнаевты өлім жазасына кесті. Оның үкімге қатысты барлық өтініштері қанағаттандырылған жоқ. Дегенмен жазаны орындау ұзаққа созылуы мүмкін. 1998 жылдан бері АҚШ-та федералдық судьялар шығарған 74 өлім жазасы үкімдерінің үшеуі ғана орындалған.

Талқылау