Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ соты Apple компаниясын патенттік құқықтарды бұзғаны үшін 625 млн. доллар төлеуге міндеттеді

Сот американдық Apple компаниясын VirnetX патент ұстаушы компаниясына оған тиесілі технологияларды заңсыз пайдаланғаны үшін 625 млн. доллар төлеуге міндеттеді. Техас штатында өткен тыңдаулар кезінде федералдық қазылар алқасы осындай шешім шығарды.

apple(2)

Үкімнен көрініп тұрғандай, Apple VirnetX иеленген бірқатар патенттерді бұзған. Атап айтқанда, сот калифорниялық корпорация FaceTime бейне қоңыраулары және iMessage шұғыл хабарламалармен алмасу қызметі үшін қосымшаларды жасауда VirnetX-ке жататын интеллектуалдық меншікті рұқсатсыз пайдаланған, деген шешімге келді.

VirnetX Apple-ге қатысты талап шағымды бірнеше жыл бұрын берген болатын. 2012 жылы сот компанияның талаптарын орынды деп танып, Apple-ді 368 млн. доллар төлеуге міндеттеді. Калифорниялық компания осы жолғы үкімге де шағым беретінін мәлімдеді.

Интеллектуалдық меншікті лицензиялаумен айналысатын VirnetX компаниясы Невада штатында орнласқан және әртүрлі технологияларға патенттердің ірі қоржынын иеленген. Бұдан бұрын VirnetX Microsoft, Cisco сияқты және басқа да компаниялармен соттасқан болатын, деп хабарлады ТАСС.

Талқылау