Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалықтар Қазақстанды “аса қауіпті елдер” тізіміне енгізбек

Сенатор әрі АҚШ президентігіне үміткер Рэнд Пол Қазақстанды «Аса қауіпті елдер» тізіміне кіргізу үшін арнайы заң жобасын дайындаған.

7033075-usa-massachusetts-boston-city-flag

Бұл туралы «Известия» басылымы хабарлайды.

Ол Республикалық партияның атынан президенттікке түспекші.  Рэнд Пол АҚШ-та тыныштықты сақтау мақсатында жасалған «Аса қауіпті елдер» тізіміне Қазақстанды кіргізіп виза беру шарттарын қатаңдатуды ұсынған.

Басылымның хабарлауынша, жаңа заң жобасында «аса қауіпті елдер» тізіміне кірген мемлекеттердің азаматтары визаға жазған өтініші кемінде бір ай қаралуы керек. Айтылған елдерден келген босқындар ерекше қадағалауда болады. Сенатор қажет болған жағдайда қауіпті елдердің қоғамға қауіп төндіретін азаматтарын елден шығару мүкіндігін заңдастыруды да ұсынған.

Басылымның мәліметінше, Рэнд Пол визаға өтініш жазған азаматтың қоғамға қауіпсіздігін тексеріп үлгермей жатқан жағдайда 30 күннен ұзақ уақыт тексеруге мүмкіндік берілуі тиіс деген.

АҚШ саясаткерлері жасаған тізімге Ресей,Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан,Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Солтүстік Корея, Катар, БАӘ, Пәкістан, Ауғанстан, Мысыр және тағы да 30 шақты араб және африкалық елдер кіріп отыр.

Заң жобасына сәйкес, Мемлекеттік департамент америкалық ішкі қауіпсіздік министрлігімен бірге "Аса қауіпті елдерден" АҚШ-қа баратындарға визаны 30 күннен ерте берілуін немесе "қауіпсіздік бойынша кеңейтілген тексеріс" толықтай аяқталғанын қадағалауы тиіс.

Талқылау