Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті Меркельмен түскен «нашар суретіне» қатысты пікір білдірді (фото)

АҚШ президенті Дональд Трамп «Жетілік тобы» саммитіндегі атышулы суретке қатысты пікір білдірді. Суретте Германия канцлері Ангела Меркель Трамптың үстінен төніп тұр, деп хабарлайды Stan.kz.

 АҚШ президенті Меркельмен түскен «нашар суретіне» қатысты пікір білдірді (фото)

Бұл туралы Трамп Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Меркельмен жақсы қарым-қатынастамыз. Алайда жалған БАҚ-тар келіссөз кезінен тек нашар суреттерді жариялауда. Суреттерді мен ешбір АҚШ президенті сұрамаған дүниені сұрап тұрмын. Жалған БАҚ-тар менің «Жетілік топтың» басқа да лидерлерімен келіспей қалғанымды жазуда. Алайда олардікі дұрыс емес»,- дейді Трамп.

Сонымен қатар Трамп саммит кезіндегі басқа да суреттерді жариялады. Онда шараға қатысушылар жайбарақат көрінеді.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау