Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті кеңесшісінің сексуалды тұрысы желі қолданушыларын тәнті етті

АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі 50 жастағы Келлиэнн Конуэйдің жасөспірім қыздар секілді ерекше отырысы желіде қызу талқыланып жатыр.

1488900854

Бұл туралы Mashable хабарлайды.

Қолданушылардың бірқатары кеңесші әдептен асқан өз әрекетін түсіндіруі керек десе, енді бірі Обаманың үстел үстіне аяғын шығарып отырғанын айтып мұны қалыпты деп қабылдайды.

АҚШ президенті кеңесшілерінің ішінде әйелдер де бар. Олар қоғаммен байланыс, ұлттық қауіпсіздік және экономика мәселелеріне жауапты.

Келлиэнн Конуэй Трамптың сайлау алды кампаниясында аға кеңесші болып жұмыс істеген. Ол бастапқыда әйел-сайлаушылармен жұмысқа жауап берген. Ал кейін Пол Манафортты жұмыстан босатқаннан кейін, Трамп оны сайлау алды штабтың жетекшісі етіп тағайындады. Ол небәрі екі айдан астам уақыт штабты басқарса да, сайлау алды президент кампаниясын абыроймен атқарған алғашқы әйел болып саналады.

Ал Конуэйдің бұл суреті Ақ Үйде Трамп пен афрамерикандықтардың оқуына арналған ЖОО жетекшілерінің кездесуі кезінде түсіріліпті.

Оқи отырыңыз:

Бай араб туристері аң-құсты аяусыз қырып жергілікті халықты шошытты (фото, видео)

Өлім оқиғасы болардан бірнеше секунд бұрын ғана түсірілген суреттер (фото)

Модель керемет жерлерде жануарлармен бірге сексуалды суретке түсіп жүр (фото)

ДАИШ-тың 100 содырын өлтірген студент қыздың басы үшін 1 млн доллар тағайындалды (фото)

Талқылау