Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Еуроодақ Иранға қарсы санкцияларды алды

АҚШ ядролық бағдарламасы үшін салынған Иранға қарсы санкцияларын алады. Бұл туралы Associated Press хабарлағандай, АҚШ мемхатшысы Джон Керри мәлімдеді.

иран
Керри мұны МАГАТЭ Тегеранның ядролық келісім бойынша барлық талаптарды орындағанын растаған соң айтты.
Сенбі, 16 қаңтарда АҚШ президенті Барак Обама Иранға салынған санкцияларды алу жөніндегі жарлық шығарды, деп хабарлады Лента.ру.

Еуропалық дипломатияның басшысы Федерика Могерини де осындай мәлімдеме жасады. Оның сөзіне қарағанда, ядролық саласындағы қызметіне байланысты салынған санкциялар жойылды, деп жазды Reuters.
МАГАТЭ басшысы Юкия Амано сенбі күні Иран Бірлескен барлығын қамтитын іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға көшудің қажетті әзірлік қадамын аяқтағанын қуаттайтын баяндама оқыды. Құжат БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі мен МАГАТЭ басқару кеңесінің қарауына ұсынылды.

МАГАТЭ басшысы атап өткендей, агенттік инспекторлары Иран іс-қимыл жоспарына сәйкес барлық шараларды жүзеге асырғанын растады. Ол сондай-ақ Тегеран МАГАТЭ кепілдіктері туралы келісімге қосымша хаттаманы қолдануды бастайды, ал бұл өз кезенде Ислам Республикасының басқа міндеттемелерімен бірге МАГАТЭ-нің Иранның ядролық саладағы қызметіне бақылпау мүмкіндігін күшейте түсетінін айтты.

2015 жылғы шілденің ортасында Иран және халықаралық делдалдардың «алтылығы» (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия) Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. Ислам Республикасы Фордодағы зауытты технологиялық орталыққа айналдыруға ал Аракедегі реакторды халықаралық консорциум жобасына сәйкес қайта құруға міндеттенді, онда пайдаланылған отын ел шегінен тысқары шығарылады.
Тегеран сондай-ақ уранды 3,67 пайыздан жоғары байытпауға және 15 жыл мерзімге уран көлемін 300 келіден шектеуге міндеттенді. Иран осы міндеттерін орындаған жағдайда одан санкциялар алынып тасталады.

Халықаралық қоғамдастық Иранның байытылған уранды соғыс мақсаттарына пайдалану әлеуетті мүмкіндігіне алаңдаған болатын

Талқылау