Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ оқу орындарында өткені қылмыспен байланысқан түлектерді сұрақ астына алмайтын болды

АҚШ-та Лос-Анжелес мэрі Эрик Гарсеттидің жетекшілігімен 33 мэр университет пен колледж басшыларына өткені қылмыспен байланысқан түлектерден қылмыстық әрекеттері туралы сұрақтың астына алмауды сұрады.

76beb89b117284fe4b3031f61929bb1d__1440x

Сурет: life.ru 

Мұндай бастаманы көтеріп отырған шенеуніктер барлық түлектің бірдей мүмкіндікке ие болу керектігін, оларға қылмысқа қатысты сұрақтар қойылмау керектігін айтады.

Олар қылмыстық әрекеттері туралы сұрау арқылы адамды одан әрі қылмысқа итере түсетінін, себебі өткені қылмыспен байланысқан адам үшін ол жайлы әңгімелеудің қиынға соғатынын айтады.

Олардың айтуынша, қылмысқа қатысы бар көптеген адам сауалнамадағы қылмысқа қатысы бар-жоғы жөніндегі сұрақты көрген соң, оқуға тапсыру ниетінен айнып қалады.

Петиция жариялағандар уиверситет басшылығының қылмыстық құқық бұзушылыққа барған түлектері жөнінде хабардар болу керектігін, алайда ол жөнінде құжат тапсырып болған соң сұрағаны жөн екенін ескертеді.

Талқылау