Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та гей құрлық әскерінің министрі болып тағайындалды

АҚШ сенаты елдің құрлық әскерін басқаруға лайықты деп 47 жастағы Эрик Фэннингтің кандидатурасын мақұлдады. Ол АҚШ-тың әскер бөлімін басқарып отырған алғашқы азаматтық тұлға және өз-өзін ашық мәлімдеген гей.

c9b102

Сурет kritikan.org

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Жаңа министр өз кандидатурасының мақұлдануын сегіз ай бойы күтті. Өйткені, Канзастан сайланған сенатор Пэт Робертс егер Барак Обама Гуантанамо түрмесін жапқан жағдайда ондағы тұтқындардың Канзасс түрмесіне көшірілмейтіндігі туралы кепілдемені болашақ министрден алғысы келген. Қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Ворк Обаманың аталмыш түрмені жаппауы мүмкін деген ойынан кейін барып, ол министрдің кандидатурасын мақұлдады.

АҚШ президенті Барак Обама Эрик Феннингті армия министрлігіне 2015 жылы қыркүйекте ұсынған. Соңғы 25 жылда ол конгресс пен Пентагонда түрлі қызметтер атқарып келді. Сондай-ақ, Фэннинг гейлердің биліктегі үлесін арттыруды көздейтін Gay & Lesbian Victory Fund ұйымында да жетекші қызметтер істеді.

2011 жылы Барак Обама әкімшілігі әскер қатарында гейлер мен лесбиянкілердің жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін саясаты тоқтатты.

Талқылау