Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Қорғаныс министрлігі пілдерді жарылғыш зат іздеуге үйретпек

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Перспективалы қорғаныс жобаларын жасаушы агенттігі (DARPA) пілдерді жарылғыш зат іздеуге үйретуді қолға алмақ.

20160324073445
Пілдерді жарылғыш зат іздеуге үйрету идеясы тәжірибе барысында келген. 2002 жылы Анголада азаматтық соғыс аяқталған кезде көптеген жерлер миналанған күйі қалған. Адамдар сол жерлерден пілдердің қашатындығын байқап қалады. Ал әскерилер жануарлар жарлығыш зат бар жерден қашып жатыр ма әлде басқа пілдер өліп қалған жерлерден қашып жатыр ма, соны анықтамақ болады. Осыны зерттеу үшін Пентагон DARPA-ға қаражат бөлген, деп жазады шетелдік БАҚ.

Зерттеу барысында белгілі болғандай, пілдер жарылғыш зат жасырынған 74 аймақтың 73-ін тапқан! Тестілеудің келесі кезеңінде ғалымдар пілдерге қосымша шай мен жанармай иіскетіп, көңілін басқа жаққа аудармақ болады. Алайда олар барлығы жасырын 23 аймақтың 23-ін бірдей табады.

Осылайша, пілдер жарылғыш зат қойылған аймақты бірден анықтай алады деген қорытындыға келген. Ендігі мәселе жануарлардың тым ірі әрі ауыр болуында. Себебі оларды ит сияқты әскери алаңға ертіп шыға алу мүмкін емес. Сондықтан да әскерилерде екі таңдау болып тұр: бірі пілдерді өздерімен бірге алу болса, екіншісі олардың бұл қабілеттерін басқаша пайдалану. Бірінші жағдайда ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараты арқылы жарылғыш болуы мүмкін затты анықтау үшін дереу пілге жеткізу керек болса, екіншісі әлі зерттеуді талап етеді. Себебі екінші жағдайда пілдердің иіскеу қабілетін пайдаланатын құрылғы жасап шығару керек болады.


Пілдер туралы қызықты деректер

Талқылау