Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-қа виза алғысы келетін қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі парақшасын көрсетуі тиіс

АҚШ визасын алуға өтініш берушілер бұдан былай өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларын көрсетуі тиіс болады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hill басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, жаңа заң 31 мамырдан бастап күшіне енген. 
Дональд Трамп  АҚШ-қа келгісі келетіндерді тексеруді қатаңдату туралы  2017 жылдың наурыз айында айтқан еді. 

Мемлекеттік департаменттің өкілінің сөзінше, өтініш беруші өтініште әлеуметтік желілерді қолданбайтынын көрсете алады. Алайда бұл ақпарат жалған болып шықса, «көші-қонға байланысты қиындықтар» болуы мүмкін. 

Мемлекеттік департаменттің өкілі бұл шаралардың «террористерді, қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндерді және басқа да қауіпті тұлғаларды анықтауға бағытталғанын» айтты. 
 

Талқылау