Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-қа аттанған cемейлік жігіт Рианнаның атасымен достасқан

Диаз Мүсілімов 1991 жылы Семейде туған. Ал оның аталары Қарқаралы өңірінде ғұмыр кешкен атақты кісілер болыпты. Қазір ол АҚЩ-тағы беделді университетте музыка мамандығы бойынша білім алып жатыр. Өлең жазып, түрлі телевизиялық жобаларға қатысатын ол танымал америкалық әнші Рианнаның атасымен де дос болып үлгеріпті.

photo_178390_0

Бұл туралы Наша Ярмарка басылымы хабарлайды.

“Менің жасым төртке толғанда, әжем Сәбира мені татар музыканттарының концертіне ертіп апарды. Концерттің ортасында мен сахнаға шыққым келетінімді айттым. Әжем мені көтеріп, сахнаға шығарды. Жүргізуші бізді сахнаға шақырып, шыққаннан кейін мен әннен үзінді айтып, сығанша билеп бердім. Осыдан соң менің шығармашылық жолым басталып кетті”, – дейді Диаз.

Ол 2007 жылы Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық колледжге түсті. Вокалды меңгере бастаған ол, шетелде оқуға құмартады. Ақыры колледжді бітіргеннен кейін, Америкаға кетіп музыкалық білімін жалғастырады. АҚШ-та ол Норфолкск университетіне түседі. Кейін магистратура оқу үшін, Нью-Йоркке келіп классикалық вокал және опера мамандығы бойынша тәлім ала бастаған.

“Туған жерге жиі-жиі келіп тұрамын. Өте қатты сағынамын! Бірақ, ол жақтың да мәдениеті мен өмір салтына үйренісіп кеттім. АҚШ-та жастар үшін мүмкіндіктер көп екені қуантады. Әрине, тек еңбек ету керек, сонда ғана жетістікке жетесің”, – дейді жас музыкант.

Жас әнші жақында өзін Моцарттың “Театр директоры” операсының басты рөліне алғанын айтты. Сәуір айында ол спектакль көрермен назарына ұсынылмақ. Ол операмен қатар ән де жазады. Жақында ғана ол жазған “Dream with You” шығармасын Аружан Ардақ есімді талантты әнші орындап, ресейлік “Жылдың балалар әні” жобасында шыққан. Диаздың өзі “Менің Семейім” әнін орындап, интернетте танымалдылыққа ие болып келеді.

Диаз сондай-ақ, әйгілі әнші Рианнаның атасымен қалай достасқаны туралы да айтып берді.

“Мен Рианнаның атасы келетін шіркеуде солист болып қызмет атқарамын. Ол бірде маған келіп, кезінде музыкамен әуестенгенін, әнші болғанын айтты. Жуырда танымал немересімен кездестіруге де уәде берді. Міне, осылайша таныстық. Өзіңнің тыңдармандарыңның кімдер болатынын ешқашан білмейсің”, – дейді Диаз.

Диаз университетті тәмамдағаннан кейін, музыка және продюсерлік бағытты қызмет атқарғысы келеді.

Талқылау