Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Федералдық резерві есептік ставканы көтерді, мұнай бағасы құлдырауда

Орталық банк функциясын орындайтын АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) есептік ставканы ширек тармаққа – 0,5 пайызға арттырды.

20151217104118

Бұл туралы  Би-би-си хабарлайды.

Айта кетейік, есептік ставка 2006 жылдан бері алғаш рет көтеріліп отыр.
Бұл көтеру федералдық қордың нарықтағы ставкалары – яғни банктер бір-біріне бір тәулікте қарыз беретін ставка 0,25-тен 0,5%-ға дейін түрленетінін білдіреді.

ФРЖ өзгерісті жариялағаннан кейін Доу-Джонс индексі 0,5 пайызға өсті.
ФРЖ ставкасы – бұл америкалық банктер елдің орталық банкінен кредит алатын пайыз. 2006 жылғы желтоқсаннан бері есептік ставка деңгейі 0-0,25% аралығында болды.

Талқылау