Қазақстандағы АҚШ елшісі Род-Айлендтегі өз үйінде бешбармақ дайындады

Жұма, 22 Шілде , 2016 14:29

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол отбасымен бірге қазақтың ет тамағын асып, достарымен бірге естелік суретке де түскен.

dH5y-0AoO0o

“Елші Джордж Крол отбасымен және коммерциялық бөлім басшысы Пат Кассади жиені Сарамен бірге Род-Айлендте алғаш рет #beshintheusa дайындады! Қазақстан мен АҚШ байланысының 25 жылдығын тойлау үшін бізге қосылыңыздар. Біз 2016 жылы 50 штаттың барлығынан асылған ет тамақтың суретін жинаймыз. Суреттерді Инстаграмға #beshintheusa хештегімен жариялауға болады немесе [email protected] мекен-жайына жіберіңіз. Ас дәмді болсын!”, – делінген Алматыдағы АҚШ бас консулдығының Фейсбуктағы парақшасында.

Бұған дейін “Америкалықтарға бешбармақ ұсын – #beshintheusa” акциясын Алматыдағы АҚШ консулдығы екі ел байланысының 25 жылдығы құрметіне бастаған еді. Ұйымдастырушылар осы акцияны АҚШ-тың 50 штатында да қамтуды жоспарлап отыр. Шарт бойынша қатысушылар бешбармақ дайындап, америкалықтар мен қазақстандықтар бір үстел басында отырып суретке түсуі тиіс.

Алғашқы сурет Флорида штатының Майами қаласында жасалған болатын.

Осыған дейін АҚШ елшісі қазақтармен етене араласып кеткенін айтып, Қазақстанның қасиетті жерлеріне де тәу етіп аралап шыққан болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар