Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ елшісі: Маған бәрінен де Қазақстанның адамдары ұнайды

Қазақстандағы АҚШ елшісі  Джордж Крол АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған фестиваль уақытында журналистерге Қазақстанда бәрінен бұрын адамдары ұнайтынын айтты.

image

Фото: time.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Қазақстанда тұратын адамдар, білесіздер ме, сіздер әр халық өкілісіздер әрі бір-бірлеріңе ұқсамайсыздар. Өте дарынды, еңбекқор, өте қонақжай халық. Мұны әр күн сайын сезінемін. Қазақстанда кездескен әр адамнан ерекше құрмет байқаймын. Бұл жерде өзімді өз үйімдегідей сезінемін”, – деп жауап берді Джорж Крол “Қазақстанда ең ұнайтыны не?” деген сұраққа.

5-7 тамызда Алматы қаласында Орталық мәдениет және демалыс саябағында АҚШ пен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастың 25-жылдығын мерекелеуге арналған USKZ fest өтеді.

Фестивальде Қазақстан орындаушысы Ғалымжан Молданазаровпен “Break of Reality” рок тобы, III Чарльз Тернер мен жергілікті музыканттар орындауында джаз, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп  мен қазақстандық дизайнерлердің киім үлгілері көрсетіледі.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та бүркітші қазақ қызы туралы деректі фильмнің трейлері шықты (фото, видео)

АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін

АҚШ-та танымал модельді зорлап, өлтіріп кетті (фото)

АҚШ-та жадынан айырылған ардагер отбасымен 32 жылдан соң қауышты

Талқылау