Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ елшісі көкпардан әлем чемпионатында қазақша сөйлеп таңғалдырды (видео)

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол Астанада басталған көкпардан әлем чемпионаты ашылу салтанатында қазақша сөйлеп таңғалдырды.

3046870

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

Ол жарыстың өтуіне байланысты қазақ тілінде құттықтау сөз сөйледі.

“Сіздердің АҚШ-тан келген команданы ерекше жылылықпен қарсы алғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз”, – деді Крол.

“Мен қазақшаны алғаш үйрене бастаған кезде өте қиын болды. Қазір біршама оңай. Бұл өте әдемі тіл. Мен бұл тілде сөйлей алғаным үшін қуаныштымын. Мен қазақ болмасам да, бұл тілдің дыбысталуы мені қатты қызықтырады”, – дейді елші.

Крол мырза сондай-ақ, қайтадан жасарып, тұлпар тақымдап көкпар тартып көргісі келетінін де жасырмады. “Шіркін, жас болғанымда ғой. Мен өзім атқа жақсы отыра аламын. Бірақ, көкпарға шабу үшін жасым мүмкіндік бермейді”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Латыншаға көшу – орыс тілінен қашу деген сөз емес

Президент шенеуніктерге қандай тапсырмалар берді

Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты

Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты

Талқылау