Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады (видео)

АҚШ елшісі Джордж Кролдың бейнеоқұттықтауы елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады

 

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Әр азаматқа бақыт тілеген елші сөз арасында екі елдің бейбіт қарым –қатынасы жайлы да айта өтті.

“Құрметті қазақстандықтар, сәлеметсіздер ме?” – деп бастайды ол. -  Қазақстан халқын АҚШ халқы мен үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаған құттықтауын. “Америка Құрама Штаттары 24 жыл бұрын Қазақстанда бірінші елшілігін ашқан. Содан бері АҚШ Қазақстанның жақсы досы әрі серіктесі болып келеді. Тәуелсіздік мерекесі және Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Қазақстанның барша азаматтарына бақыт, бейбітшілік және табыс тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!”, – деді Джордж Крол.

Талқылау