АҚШ елшісі қазақ халқын Наурыз мейрамымен қазақша құттықтады (видео)

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол барша қазақ халқын Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады.

АҚШ елшісінің құттықтауы  Facebook желісінде жарияланды.

“Құрметті, қазақстандықтар! Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының елшілігі атынан баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мыңдаған жылдар бойы наурыз айында туған-туыстар мен дос-жарандар бас қосып, көктемді қарсы алады”, – деген елші барша халыққа зор денсаулық пен мол бақыт тіледі.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр