АҚШ долларының бағасы тағы қымбаттай бастады

Дүйсенбі, 28 Желтоқсан , 2015 12:10

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,38 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 124 000 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлады Қазақстан Қор биржасынан.

Chto-mozhno-kupit'-na-1-dollar

Нақтырақ айтқанда, Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,38 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 124 000 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 365,90 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 250 мың еуроны құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 50,9150 (+0,6350 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 400 мың юаньді (+100 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік
сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар