Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ дәрігерлері Имодиум дәрісінің адам өліміне апаруы мүмкін екенін ескертеді

АҚШ-та дәрігерлер иодиум дәрісінен кейін көп адамың ауруханаға түскенін айтады. Дәрігерлер бұл дәріні қолданған адамның есірткі қолданғандай мас күйде жүретінін ескертеді.

1330525598_medic_recept

 

Сурет: freesmi.by 

Имодиум және осы секілді дәрілерде диареяға қарсы лоперамид препараты бар. АҚШ-тың азық-түлік пен дәрілерді санитарлық бақылау басқармасы бұл дәрінің адамға зияны болуын, тіпті өлімге апаруы мүмкін екенін айтады.

Соңғы жылдарда агенттікке лоперамидті шамадан көп ішіп, ауруханаға түскен адамдар жайлы көптеген хабарламалар жеткен. Олар дәріні 8-16 мг тұтынудың орнына 300 мг ішкен. Соның салдарынан 39 жылдан бері 10 адам өлімі болған.

Журналистердің хабарлауынша, бұл көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкні. Өйткені, көп адам өлімі жайында агенттікке айтылып жатпайды. Әлем бойынша детоксация орталығы лоперамидтен улану оқиғасының 2011-2014 жылдар аралығында 71 пайызға өскенін мәлімдейді.

Талқылау