Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ билігі 18 жасқа толмағандарға электронды темекі сатуға тыйым салды

АҚШ билігі 18 жасқа толмағандарға электронды темекі сатуға тыйым салу туралы федералдық заң қабылдады.

1452641560_sigareta

Сурет newinform.com

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Заң бойынша енді, электронды темекілерді шығарушылар өз өнімдерін Санитарлық бақылау басқармасына сапасын бақылауға беріп отыруға міндеттелді.

АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, студент жастар арасында электронды темекі тұтыну деңгейі 1,5 пайызға артқан. Жаңа заң бойынша енді сатушылар тұтынушының жасын сұрауға міндетті болды.

Талқылау