Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ басылымы: Бұл қазақты (Головкин) жеңетін біреу бар ма?

35 кездесуінде де жеңілмеген Геннадий Головкиннің құпиясы кім-кімді де қызықтырады. Бұл сұраққа АҚШ басылымдары да бас қатырып көрген.

gennady-golovkin-dominic-wade-ggg_3454359

Сурет sportinglife.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Геннадий Головкинге арнаған санында ағылшындық The Guardian басылымы, “бұл қазақты жеңіп кете алатын біреу табыла ма өзі?” деп сауал тастаған.

Басылым Головкин соңғы кездесуінде Уэйдті еш қиналыссыз әрі сенімді түрде жеңді деп жазған. Газет Головкин тек Қазақстанда ғана емес, АҚШ-та да танымал дейді. Бүкіл америкалықтар бұл нокаутерді жақсы көреді әрі оған жанкүйерлік жасайды. Бірақ, бұл арада Головкин үшін сенімді қарсыласты қайдан табуға болады деген сауал туындайды.

34 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой шаршы алаңдағы өз тұжырымындағы шеберлерден әлдеқайда мықты екенін дәлелдеп келеді. Тіпті, кей жанкүйерлер мен мамандар Головкиннің өзге салмақтардағы спортшыларды да оңай жеңіп кетуі мүмкін екенін айтады.

Талқылау