Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ барлаушылары Усама бен Ладеннің өсиет хатын жария етті

“Әл-Каида” террорлық ұйымының бұрынғы көшбасшысы Усама бен Ладен өсиетінде “жиһад үшін” қалдырылған ақшаны пайдалану керектігін айтыпты.

150820113744_osma_bin_laden_640x360_flaggmiller_nocredit

Сурет Flagg Miller

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Америка барлаушылары “нөмірі бірінші террористің” өсиеті деп тапқан құжат 2011 жылы Пәкістанда бен Ладенді ұстау операциясы кезінде табылған. Барлаушылардың болжамынша, бұл өсиет 1990 жылдардың соңында жазылған.

Өсиеттен басқа барлаушылардың қолына тағы 112 құжат түскен. Қазіргі кезде олардың көп бөлігі құпия күйде қалдырылып отыр.

Хатта Усама бен Ладен өзінің байлығын 29 миллион долларға бағалаған. Ол осы ақшаның бір пайызын “Әл-Каида” қатарындағы туыстары Мафуз әл-Валид пен бизнесмен Әбу Ибрагим Саадқа беріп отырған. Қалған ақшасы тиген туыстарын да бен Ладен жиһадқа шақырып отырған.

Бен Ладен 2011 жылы 2 мамырда АҚШ арнаулы жасағының операциясы арқылы өлтірілді. Террордың денесі теңізге тасталған. Кейіннен оның туыстары бұлайша өлтірілуінің кесірінен мәйітпен қоштаса алмағандарын, дәстүрлеріне нұқсан келгенін айтып шағымданған еді.

Талқылау