Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақпарат министрлігі ғаламторға кірудегі тосқауылдарды түсіндірді

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі әлеуметтік желілер мен ақпарат ресурстарды бұғаттаған жоқ.

ria.r

Сурет: probusiness.by 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне министрліктің ресми өкілі Әрсен Бектасов мәлім етті.

«Қазақстанда ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілерді бұғаттау басталды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Министрлік жекелеген сайттарды бұғаулаған жоқ. Бәлкім, ресурстардың қолжетімсіз болып тұрғаны – ақпарат ресурстардың орналасқан жеріндегі техникалық сервистің қуаты немесе трафиктің артуы себеп болған шығар»,-дейді Бектасов.

Ал, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстанның басты телеарналары техникалық профилактикаға байланысты, бүгін ақпарат таратпаған еді. Дегенмен, Бектасов хабарлағандай, «24kz» телеарнасы шұғыл хабар таратуға кіріседі.

«Қазір министрлік «24kz» арнасын тез арада эфирге қосу шарасын қолға алды. Қалған телеарналар сағат 17.00-ге дейінгі профилактикалық шараға байланысты, әзірге жұмыс істеп тұрған жоқ»,-деді Бектасов.

Талқылау