Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақпарат министрі: Қытайлар Қазақстанға қаптап келіп жатыр деген бос сөз

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қытайлар Қазақстанға ағылып жатыр деген әңгімеге пікір білдірді.

Фото: wotanjugend.info

Министрдің айтуынша, Қытай елінде болмаған қазақстандықтар өзгелердің айтуы бойынша түрлі стереотиппен өмір сүруде. Олар өз көзімен көрмеген соң басқаша пікірді ұстанып алған.

«Синофобияны әлдекімдер фейк ақпарат арқылы пайдаланады. Өйткені қытайларға қатысты кез келген әңгіме желіде тез тарайды. Екінші фактор: орыс және ағылшын тілімен салыстырғанда, қазақстандықтардың көпшілігі қытай тілін түсіне бермейді. Сондықтан видеода не болып жатқанын көпшілігі түсінген жоқ. Үшінші фактор: Қытайды білмеуі. Қытайлар Қазақстанға ағылып жатыр деген дақпырт әңгіме», – дейді Абаев Евразия арнасының «Ашық диалог» бағдарламасында.

«Қазақстан үлкен ел болғандықтан біз жүктен бөлек жолаушылар арқылы да табыс табуымыз керек. Егер қытайлықтар Ресейге, Еуропаға Қазақстан арқылы ұшса, бұл біз үшін пайды. Ал, жүк тасымалдау үшін пойыздармен жүретін жолаушылар бір күнде барар жеріне жете алмайды. Сондықтан ондай жолаушылардың елде қалу мерзімін үш тәулікке дейін ұзарттық», – дейді Абаев.

Министр мемлекеттік органдар Қытай азаматтарның қауіпсіздігі, көші-қон мәселесі мен тіркеу мәселелерін толық бақылауда ұстап отырғанын айтты.

«Қытай оркестрі көп құраммен біздің елшілікке келіп, виза алу үшін кезекке тұрды. Бұл кезде елбасымыз Қытайға сапарлаған еді. Сондықтан елшіліктің барлық ұйымы виза мәселесіне қатысты сауалдарға жауап бере алмады. Арада осылайша біраз уақыт өтіп кетті. Сол сәтті видеоға түсіріп алған», – дейді минитр.

Министр елшілікте басқа күндері кезек жоқ екенін атап өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау