Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2018 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

2018 жылдың ақпан айында ауа-райында ауытқулар күтіледі. Климаттың өзгеруі планеталық деңгейде жүзеге асады. 2018 жылы қыстың соңғы айы қиын болады.

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Жеке қауіпсіздігіңізге көңіл бөлген маңызды. Ақпан айында көптеген адамдар өздерінің мақсаттарына қол жеткізеді.

Ақпан айында тоқтыларға бар күш-жігерін салып жұмыс істеуге кеңес береді. Көрсеткен нәтижелерге сәйкес, басшылықтан мақтау естіп, қызметі көтеріледі.

Торпақтар осы айдың соңына дейін жұмысбасты болады. Оларға бәрінен маңыздысы мансап болып тұр. Шешімі қиын мәселелердің жолын табуға достары мен пікірлестері көмектеседі. Жұлдыздар торпақтарға қол ұшын созған жанашырларының көмегін пайдалануға кеңес береді.

Егіздер ақпан айында ұзақ уақытқа ескі таныстарымен іскерлік қарым-қатынас орната алады. Достарыңыз немесе таныстарыңыз сізді қуанышқа бөлейтін тәуекелді, жаңа жобаны қолға алуы мүмкін.

Шаяндар өзінің бос уақытын сүйіктісімен немесе соны ойлаумен өткізеді. Ақпан айында сіз сұлулыққа ұмтыласыз. Балетке немесе операға, тіпті кез келген театрлық қойылымды тамашалауға барғаныңыз абзал.

Жұлдызнама арыстандарға белгіленген қағидаларды өзгертпеуге кеңес береді. Егер арыстандарда табысқа жету мүмкіндігі туып тұрса, ол міндетті түрде соған қол жеткізеді. Ең бастысы асықпаған жөн. Сіздің адамдарға деген көзқарасыңыз басқа да факторларға негізделген болар. Барлығына көңіл бөліп, ұнауға тырыспаңыз.

Бикештер үшін ақпан айында болатын оқиғалар жан дүниесіне ғана емес, өміріне қатты әсер етеді. Егер сіз айналаңыздағы дүниелерден дұрыс тұжырым жасасаңыз, дүниетанымыңыз жақсарады.

Таразы белгісінің өкілдері ақпан айында «өмірдің рахатын» көреді. Махаббат пен ойын-сауыққа, демалысқа байланысты маңызды оқиға болуы мүмкін. Таразылар думандатып жүрсе де, жұмысқа деген ынта бірінші орында.

Ақпан айында сарышаяндар рухани жағынан дамиды. Сіз табысыңыздың өсуіне қол жеткізе алмасаңыз да, жүктелген міндеттеріңізді орындап тастауға үлкен мүмкіндік бар.

Мергендер ақпан айында жаңа қолданбалы әдістерді зерттеуге құмар болады. Әдемі әшекейлер мен кескіндеме жасап үйренуге тырысасыз. Сондай-ақ, қолөнерге қатысты шеберлік сағаттарын қарап, өз-өзіңізді дамыту жағынан жұмыс істегеніңіз абзал.

Ақпанда тауешкілерді қуаныш пен күтпеген оқиғалар күтіп тұр. Өмірге күліп қарау керек, содан кейін қиындықтар оңай жойылады. Жұлдызнама тауешкілерді кәсіби салада көптеген өзгерістер күтетінін айтады.

Суқұйғыштардың күнделікті өмірінде консервативті рух болады. Тіпті ең маңызды емес істерде де сіз өзіңіздің жауапкершілігіңізді жоғарылатуыңыз керек. Бірақ өмірге деген жеңіл көзқарасты жоғалтпауға тырысыңыз.

Ақпан айы балықтар үшін оңай болмайды. Олар толығымен жан дүниесінің толқуын сезінеді. Шешім шығаруда қорықпайтындықтан, кез келген адамның назарында бола алады.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер үшемді ажыратып жіберіп 12 жыл бойы тәжірибе жүргізген

Науқас ер адам өзіне бір бүйрегін берген мейірбикемен отбасын құрды (фото)

Үндістанда перзентханада ауысып кеткен балалар өз ата-анасына қайтып бармай қойды

Әйел қаңғыбас ер адамды құтқарып, оған тұрмысқа шығып, 2 баланы дүниеге әкелген

Талқылау