Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақордаға қаратылып жазылған жазу елді дүрліктірді (фото)

Қазақстандағы Тәуелсіздік мерекесіне арналған жазу Ақордаға қаратылып жазылған.

Бұл ерекше жазу Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Қазақстан президентінің резиденциясы Ақорда маңына қойылған.

“Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл” деген жазу Ақордаға қаратылып жазлыған, ал оны бері жағынан көретіндер жазуды терісінен оқиды.

акорда жазу

“Ақорда маңындағы жазу туралы айтар болсам. Менің білуімше, жұмыс әлі аяқталған жоқ. Бүкіл конструкцияны орналастырғанша, жұрттың көзінен таса болуы үшін осылай қойған ғой”, — деп жазды Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жазу туралы пікірін әзіл-қалжыңмен айтуда.

“Шыдай алмай, әріптерді жасаумен айналысатын компанияға хабарластым. Олар жұмыстың әлі аяқталмағанын айтты. Яғни, жазуды Ақорда жағынан ғана емес, бері жағынан да оқи алатын боламыз. Әріптер қазір дайындалып жатыр. Бәрі де жаман бола бермейді ғой, уф…”- деп Facebook қолданушысы Назымгүл Күмісбаева мәселенің басын ашты.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда пара алудан бас тартқан қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттары жіберілді

Жібек Мусинованы зорлады деген күдіктілер бойжеткеннің өз еркімен қатынасқа түскенін мәлімдеді

Маңғыстау облысында рекордтық салмақпен нәресте өмірге келді

Ақтөбе әкімі жиналыста көзіне тығылған ұйқымен алысты (видео)

Талқылау