Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақорда қақпасын бұзған полицейлер жұмыстан шығарылды

Астанада президент резиденциясына соғылған Porsche Cayenne көлігін мінген екі полицей жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты қаңтардың 16-сынан 17-сіне қараған түні болды. Оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

“Тергеу барысында аға лейтенант Е. Иманбековтың Достық көшесімен келе жатып, көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, қақпаға соғылып, біраз зақым келтіргені анықталды”, — деп хабарлады ІІД.

Полиция мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

“Жол апатына тікелей айыпты полиция аға лейтенанты Иманбеков пен оның басшысы, взвод командирі, полиция капитаны Г. Жұмахметов ҚР ішкі істер органындағы қызметтерінен босатылды”, — деді ІІД өкілі.

Тағы оқыңыз:

Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты

Мені апай ұрды: Алматы облысындағы балабақшада 3 жасар қыздың басы жарылып, емханаға түсті

Қарағандыда әкесі қызын тұрмысқа беруін сұраған жігітті пышақтап өлтірді

Петропавлда жекпе жекте комаға түскен спортшы екі айдан бері ессіз күйде жатыр

 

Талқылау