Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин ауызашар берді (фото)

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жамағатты Қадір түнімен құттықтап, ауызашар берді. Бұл туралы облыс əкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

кулагин3

Аймақ басшысының ауызашарына ауыз бекіткен дін өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен жалпы жамағат,  яғни 100-ден астам адам қатысты. Ауызашар ҚМБД өкілі, «Науан-Хазірет» мешітінің бас имамы Қанат Қыдырминнің Құран сүрелерін оқуынан басталды. Одан кейін өңір басшысы дастархан басына жиналған жамағатты қасиетті аймен құттықтап, әр шаңыраққа амандық-саулық тіледі

 

кулагин

– Ислам діні адамзат баласын бірлікке, бауырмалдыққа шақыратын дін. Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – дәстүрлі діндеріміз бен салт-дәстүрлерімізді шынайы дәріптеумен бірге жас ұрпақты имандылық пен салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу, рухани бірлікке баулу. Баршаңыздың қасиетті Рамазан айындағы және бүгінгі Қадір түні тілеген тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын, – деді Кулагин.

 

кулагин1

Ауызашар соңында ҚМБД өкілі, «Науан-Хазірет» мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин жамағат атынан облыс әкіміне рахмет айтып, ел игілігі үшін атқарып жатқан істеріне Алла тағаланың ризашылығын тіледі.

кулагин2

Ауызашардан соң өңір басшысы  Кулагин орталық «Науан-Хазірет» мешітіне барып, жиналған жамағатты өткен Қадір түнімен құттықтады.

 

 

Талқылау