Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолалықтар Дина Жоламанды ұлт батырындай күтіп алды (фото)

[:kk]

Бокстан Әлем чемпионы атанған 23 жастағы  Дина Жоламанды туған ауылы Жақсыда  құттықтау салтанаты болды.

жоламан4 Былғары қолғап шебері бүгінде Ақмола облысының мақтанышына айналған. Әрине оның жеткен жетістіктері мемлекет көлемінде дәріптелуде. Боксшы қызды жеңісімен құттықтау мақсатында  облыстың спорт және денешынықтыру  басқармасының басшысы Надежда Патюшкина, «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының бапкері  Андрей Спиридонов, белгілі боксшы Мереке жүсіпова сынды көптеген сыйлы азаматтар келді. жоламан5 Спортшы қызды өзі білім алған Т. Уәлиев атындағы спорт мектебінің тәрбиеленушілері ұйымдастырған автошеру күтіп алды. Жақсы аулының көшелерін Қазақстанның туы байланған көліктер аралап, спортшы жұрт күтіп отырған Мәдениет үйіне жеткізілді. Дина мен оның бапкері  Александр Высоцкиге  «Жақсы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Дина Жоламанға- бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, Зарина Цолоеваға –Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Александр  Высоцкиге-  Бокстан ҚР еңбек сіңірген бапкері атағы берілді. Спортшының бапкері  Бахтияр Тұрғымбаевқа  Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағы берілді. Ал өңір жастарына спортпен айналысуға мүмкіндіктер беріп, қолау көрсетіп жүрген  Батырбек Уәлиевке «Құрметті спорт қызметкері» атағы берілді. жоламан3 Батырбек Уәлиев өз кезегінде Динаға автокөлік сыйға тартты. Ол өңір жастарын спортқа баулу мақсатында 2002 жылы Т. Уәлиев атындағы спорт мектебін салып берген еді. Бүгінде өңір жастары сонда тәрбиеленіп, жаттығуларын жасап жүр. Есте болса,  әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты Астана қаласында өткен еді. Онда әлемнің 67 елінен келген 285 спортшы бақ сынаған еді. жоламан2 Дина Жоламан онда 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен еді. Бағы мен бабы қатар келіп ол әлем чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды. Жалпы командалық есеп бойынша қазақстандық спортшылар бірінші орын иеленді. Қазақстан қыздары төрт алтын, екі қоланың жүлдегені атанды.                                        [:]
Талқылау