Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолалық полицей жетім қызды өз қамқорлығына алды

Полиция лейтенанты Жеңіс Құлмағанов қазіргі кезде жарымен бірге үш ұл және бір асырап алған қызын тәрбиелеп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170622155126

Жеңіс Құлмағанов Ақмола облыстық ішкі істер департаменті жол-патрулдік полициясы батальоны бірінші взводының инспекторы болып қызмет атқарады.

Жеңіс ұзақ жылдардан бері қоғамдық тәртіпті сақтау саласында табан аудармай қызмет етіп келеді. Оның үш ұлы бар. Сондай-ақ, ол әйелімен ойласа келе Алматы қаласындағы №2 балалар үйінен церебралды сал ауруына шалдыққан қыз баланы өз тәрбиесіне алған. Бастапқыда дәрігерлер қыздың сауығып кететініне күмәнмен қарапты. Бірақ, Умида көрсетілген медициналық көмектердің арқасында сауыққан.

20170622155141

“Менің отбасым үлкен және өте тәрбиелі. Әр адам өз отюасының бақытын армандайды. Жақында келіншегім Айнагүл қыз баланы қамқорлыққа алу туралы ұсыныс айтты. Мен оны бірден қолдадым. Біздің отасқанымызға 16 жыл болды. Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін”, – деді Жеңіс Құлмағанов.

Талқылау