Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолалық азамат өзгенің әйелімен төсектес болған ауылдасын бопсалаған

Ақмола облысының тұрғыны ауылдасынан ірі көлемде ақша талап етіп, ол жайлы өсек тарататынын айтып қорқытқан.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Ақмола облысының тұрғыны ауылдасын бопсалап, 500 мың теңге талап еткен, – деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 13 қазанда 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Ер адам 25 жастағы ауылдасынан қорқыту және бопсалау жолымен 500 мың теңге талап етіп, керісінше жағдайда оның тұрмыстағы әйелмен төсектес болғанын жария қылатынын айтқан.

Оқиға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 1 тармағына (қорқытып алу) сай  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азамат 4 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе айыппұл салынуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда анасы бір жасар баласын түнде далаға тастап кеткен

Супермаркет күзетшісімен болған жанжалдан кейін балаға дәрігердің көмегі қажет болды

Атыраудағы «ҚазАвтоЖол» бөлімінің басшысы 73 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін ұсталды

Тараздық полиция қызметкері параны дәмхана мен монша төлемі ретінде алып келген

Талқылау