Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада студентті жауыздықпен өлтірген тұрғын 17 жылға сотталды

Ақмола облысында 17 жастағы колледж студентін айуандықпен өлтірген тұрғын 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Безымянный

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Қылмыс 2016 жылы 16 ақпанда Степногорскте болған. Арақ ішіп алған 23 жастағы тұрғын өзінің бұрынғы қызының жігітімен есеп айырыспақшы болыпты. Колледжге келген ол өзінің танысы арқылы 17 жастағы студентті шақырып алады. Сосын олар студентті көзден таса жерге алып кетеді.

Қызғаныштан ашуға булыққан жігіт кәмілетке толмаған студентті ұра бастайды. Сосын алдын-ала дайындалған пышағымен 35 жерден жарақат салған. Ал зардап шегуші қашпақшы болғанда, оны қуып жетіп тамағын орып жіберген. Полиция екі күдіктіне де ұстап, қылмыстық іс қозғады.

Ақмоладағы мамандандырылған аудан аралық сот қылмыстық іс негізінде 23 жастағы тұрғынды айыпты деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айырды. Ол енді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сондай-ақ, қайтыс болған студенттің жақындарына 1,5 миллион теңге өтемақыны да төлеуі тиіс.

Бұрын сотты болған екінші айыпталушы қылмыстық оқиғаға қатысы бар күдікті ретінде айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау