Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада сарбаздың денесін үйіне табытпен әкелген әскерилерді туыстары оңдырмады

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ бұл мәйітті туған жеріне әкелген әскерилердің сөзі. Бұған қыршынынан кеткен Саян Сатыбаевтың туыстары мүлдем сенгісі жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

10183765-f03722524efa56f0b8f55625bc6b75f5-650-1466072404

Фото: strategy2050.kz

Бұған марқұмның денесінде соққы іздерінің көп болуы себеп болса керек. Сондықтан ашуға мінген шағын ауыл халқы өре түрегеліп, командирлерін жағадан ала жаздады.

Саян Сатыбаевты әскерге бүкіл Рамадан ауылы болып шығарып салыпты. Ал армиядан оралуына небары 5 ай қалғанда әскери камазбен оның өлі денесі келеді деп ешкім күтпеген. Саянның ажал құшқанына соңына дейін сенбеген жақындары табытты көргенде еңіреп қоя берді.

Қарулы күштер сапына өз аяғымен кетіп, табытпен оралған жігітті командирлері “асылып өлді” деп айтқан. Бірақ, сараптамаға да, әскерилердің сөзіне сенбеген марқұмның туыстары мықтап бекітілген табытты ашып, дәлел ретінде барлығын камераға түсіріпті. Сөйтсе, ұлдарының денесі саусағына дейін көк ала қойдай көгерген. Қабырғасы сынып, мойны үзіліп, басы жарылған. Онысын білдіртпеу үшін жіппен тігіп тастапты.

Мұны көріп жағасын ұстаған 22 жастағы Саянның туыстары мен бірге күллі ауыл көтеріліп, мәйітті әкелген әскерилерді сабай жаздады. Бір қызығы, Отардағы бөлім басшылары марқұмның денесін үйіне жеткізуді  мән-жайдан бейхабар іс-сапардан жаңа оралған адамға тапсырыпты.

“Түк білмеймін” деп ат тонын ала қашқан майор Бахтияр Магамедов, тіпті сасқанынан кінәні марқұмның күзде үйленбекші боп жүрген қызына ысырмақ болды. Яғни, соңғы рет ғашығымен телефон сөйлескен соң Саянның көңіл-күйі түсіп кеткен көрінеді.

Тайып тұрған әскерилерден 10 күннен бері әлі хабар жоқ. “Асылғанын” ауызша ғана айтып, ортаншы ұлдарының нақты неден өлгенін дәлелдейтін сараптаманы да бермеген. Енді қайғыдан қан жұтқан Саянның ата-анасы кінәлілер жазасыз қала ма деп алаңдап отыр.

“Екі аяқпен жібердік баланы. Көтеріп кіргіздік үйге. Сол өкінішті. Үкіметке беріп отырмыз. Елімізді, Қазақстанды қорғасын деп. Өз қазақтарымыздың арасында осындай болғаны өкінішті”, – дейді марқұмның анасы Гүлнар Ниязова.

Қазір ел ішінде тәртіпсіздігімен танымал Отардағы 82/796 әскери бөлімінде тексеріс басталды. Марқұмның әке-шешесі ұлдарына командирлері не қызметтестерінің әлімжеттік көрсетіп, ұрып өлтіргеніне сенімді. Сондықтан кінәлілерді жазалап, Қорғаныс министрінен істі бақылауға алуын сұрап отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында жоғалған әскеридің денесі табылды

Террористердің қолынан қаза тапқан әскери қызметкердің отбасына үй берілді

Тасмағамбетов: Сарыөзектегі сарбаз лауазымды әскерилердің салғырттығынан қаза болды

Қытайда мойнына қыруар ақша ілінген қазақ жігіті асылып өлді

Талқылау