Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада ер адамды суға тұншықтырып өлтіргені үшін 11 жылға сотталды

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды суға тұншықтырып өлтіргені үшін 11 жылға соттауға үкім шығарды.

1375099815_sud

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты азамат А-ға  қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат А. алкогольдік масаң күйде болып, азамат И-ді суға итеріп жіберген. Кейін азамат И-ді судың астында күштеп ұстаған. Нәтижесінде тұншыққан азамат И. оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды.

Сот үкімімен азамат А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде («Адам өлтiру») көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеумен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау