Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада аяқ киім тігетін жаңа кәсіпорын ашылды

 Ақмола облысы, Целиноград ауданында аяқ киім тігетін жаңа кәсіпорын ашылды.

Облыс әкімі Сергей Кулагин өңірге жұмыс сапары барысында аяқ киім тігетін цехтың ашылу салтанатына қатысып, ұжым мүшелерін құттықтады.

ЖШС «SAMHAT»  кәсіпорын Ресей, Беларусь, Түркия, АҚШ, Англия және Шығыс Еуропа елдерінің жетекші фабрикаларының технологиясы бойынша аяқ киімдерді шығарады. Әзірге, кәсіпорын ҚР Қарулы күштерінің тапсырысы бойынша ғана жұмыс істейді.

«Ұсынылған өнімнің негізгі артықшылығы сапасында болып отыр. Біз өнімнің сапалы болуы үшін шетелдің жетекші фабрикаларының технологиясы бойынша жұмыс істейміз. Өнім барлық талаптарға және ҚР мемлекттік стандартына сай келеді”, – дейді «SAMHAT» ЖШС-нің директорының орынбасары Асхат Исабеков.

Оның айтуынша, кәсіпорнының жылына 500 мың пар аяқ киім шығара алады. Және тапсырыс болып жатса өнімділікті одан әрі арттыруға болады екен.

Қазір кәсіпорында  50 шақты  адам жұмыс істейді. Кәсіпорын осыған дейін Астана қаласында ғимарат жалдап келген болатын. 2014 жылы Целиноград ауданының Максимовка аулында бос тұрған ғимаратты жөндеп, қайта қалпына келтірген. Алдағы уақытта өндіріс аясын кеңейтіп, тұрғындар күнделікті киетін аяқ киімнің бірнеше түрін шығару көзделген. Бұл жобаның құны 300 миллион теңгеге бағалануда.

Талқылау