Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада аяғынан айырылған экскаватор жүргізушісінің барлық шығыны төленіп, пәтер берілетін болды

«Алтынтау Көкшетау» АҚ екі аяғынан айырылған 25 жастағы экскаватор жүргізушісіне әлеуметтік көмек көрсететін болды. Кәсіпорын жас жігіттің медициналық шығындарын төлеп берумен қатар, оған пәтер беріп, жұмыс ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Ақмолада аяғынан айырылған экскаватор жүргізушісінің барлық шығыны төленіп, пәтер берілетін болды

Кәсіпорындағылардың мәліметінше, «Алтынтау Көкшетау» АҚ өз қызметкеріне қажетті әлеуметтік көмек көрсетіп, емделуі мен сауығуына жұмсалатын шығынды толықтай төлеп береді. Сондай-ақ, компанияның есебінен пәтер беріледі. Қызметкер сауыққаннан кейін, жағдайына байланысты, жұмыс ұсынылады. Ал оның туыстарына заңдағы ережелер мен  компанияның міндеттері түсіндірілді.

Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылған. Комиссия болған оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.

«Барлық карьерде жоспарлық геотехникалық инспекция жүргізіліп жатыр. Бекітілген кестеге сәйкес, оқиға орын алған ауданда бұған дейін ешқандай ауытқу тіркелмеді», – дейді ведомстводағылар.

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысында шаңырақ құрғанына небәрі он күн ғана болған азаматты экскаватор айдап жүргенінде үлкен тас басып қалған. Дәрігерлер “Алтынтау Көкшетау” карьерінің аумағында тастың астында қалған 25 жастағы Мадияр Төлеубековтың екі аяғын да кесіп тастауға мәжбүр болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау