Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өз қателігін мойындады

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин “ұйқы” ауруына байланысты көшірілген Калачи аулының тұрғындарына дауыс көтеріп сөйлегенін мойындады.

кула

“Шынымды айтсам, қабылдауды айтатын болсам, ол – араңдатушылық. Дегенмен мен дауысымды қатты көтермей сөйлеуім керек еді. Алайда мен ешкімге тіл тигізгенім жоқ, бірақ дауыс көтергенім рас. Енді, мұндай жағдай қайталанбайды”- деді Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин.  Және ол Калачи ауылынан ешкім күшпен  көшірілмейтінін айтты. Тіпті ауылда бір ғана үй қалса да әкімшілік пен дәрігерлік пункт болатынын жеткізді.

Калачи тұрғандары жергілікті әкімшілікке өз үйлерінен күшпен  көшіртіп жатқанын айтып, басшылықтың қабылдауына келген. Сол кезде әкімнің  сөзі аудиожазбаға жазылып, БАҚ жарияланған болатын.

Калачи ауылында “ұйқы” ауруы 2013 жылдың көктемде шықты. Соңғы мәлімет 2014 жылдың қыркүйекте  тіркелді. Бұған себеп болған иісті газ деп табылды.  Алайда ауыл тұрғындарын көшіру жайында шешім қабылданып, тамызда ауыл тұрғындарының 40 пайызы көшірілген болатын.

Талқылау