Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысындағы әкімдікте мемлекеттік қызметкерлер төбелесіп, әкімнің басы бәлеге қалды

Ақмола облысындағы әкімдік қызметкерлері қызметтік кабинетте төбелес шығарған.

Ақмола облысындағы әкімдікте мемлекеттік қызметкерлер төбелесіп, әкімнің басы бәлеге қалды

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға биылғы жылдың 11 қазанында Краснояр ауылдық округінің әкімдік аппаратының ғимаратында орын алған. Хатшы-референт пен маманның арасында ұрыс туынндап, оның арты төбелеске ұласқан. Салдарынан олардың бірі жарақат алыпты.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаменті қызметтік текеріс жүргізді. Тексерістен кейін ведомство Красный Яр аулының әкіміне қатысты тәртіптік іс құрды. Себебі ауыл әкімі әкімдік қызметкерлерінің арасында болған даудың алдын алуға үшін тиісті шаралар қабылдамаған. Өз кезегінде бұл ҚР Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі мен «ҚР Мемлекетті қызмет туралы» заңындғаы талаптарды бұзу болып табылады.

Этика жөніндегі кеңес Красный Яр аулының әкімі Нұрлан Айсинді сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс тастады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау