Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында үй-күйсіз әйел аязға үсіп өлді

Ақмола облысында тұрғылықты мекен-жайы жоқ әйел суықтан үсіп өлген.

970337
Фото: Алексей Мальгавко

Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлап отыр. Үсіп өлген әйелдің денесі жеке үйдің ауласынан табылған.

Жалғызқұдық ауылының тұрғыны Целиноград аудандық полициясына қоңырау шалып, өз ауласынан таңертең әйелдің денесін тауып алғанын айтады.

Денені қарау кезінде одан зорлық белгілері табылмаған. 46 жастағы әйел өлімінің себебі ретінде оның қатты суыққа шыдамай қайтыс болғаны айтылуда. Қазіргі таңда сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы бала өлі күйінде табылды

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Талқылау