Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында белгілі бизнесменді атып кетті

Ақмола облысында полиция ЖШС директорының өліміне қатысты қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

20160906131451

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қыркүйек күні Есіл аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне ЖШС аумағында ер адамның өлі денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Полиция марқұмның Знаменка ауылының 52 жастағы тұрғыны, серіктестік директоры екенін анықтады.

Алғашқы мәліметтер бойынша, зардап шегушінің оқ жарақатынан көз жұмғаны анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, арнайы жедел топтар құрылды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау