Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Шымкенттен табылды

Полицейлер Ақмола облысының Қосшы ауылында із-түссіз жоғалып кеткен 16 жастағы Диана Тұрғанбаеваның қайда жүргенін анықтады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Шымкенттен табылды

Қызды облыстық полицейлер мен оның туыстары және Астанадағы Rina.kz еріктілер тобының мүшелері бірігіп іздеді. Жасөспірім 3-тамыз күні түскі ас кезінде велосипедпен дүкенке кетіп, сол күй қайта оралмаған.

Астанадағы Rina.kz еріктілер тобы таратқан хабарламада қызбен бірге үйде де кейбір заттардың жоғалғанғаны айтылған.

Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер 16 жастағы қызды екі күн бойы іздестірді. Диана Астанада электронды көлік картасын пайдаланған кезде ғана оның қайда жүргені анықталды.

«Операторлар қолданған көлік картасының көмегімен қыздың қандай автобусқа отырғанын анықтады. Ол «Нұрлы жол» бекетіне дейін жетті. Полиция қызметкерлері базаны тексеріп, қыздың Шымкентке билет алғанын анықтады. Екі күн бойы іздеуде болған 16 жастағы қыз Шымкенттегі туыстарының үйінен табылды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау