Ақмола облысында жоғалған 22 жастағы Мақпал Жолдыбаева Астанадан табылды

Жұма, 26 Тамыз , 2016 18:23

Ақмола облысында жоғалып кеткен 22 жастағы қыз Мақпал Жолдыбаеваны тәртіп сақшылары Астана қаласынан тапқан.

90ad3488-c007-4a44-a0ae-285a7a686544

Фото: [email protected]

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 тамызында Жақсы АІІБ-не Жақсы ауылының тұрғыны 22 жастағы қызы Мақпал Жолдыбаеваның жоғалып кеткені жайлы шағым түсірген болатын. Анасының айтуынша, ол 2016 жылғы 16 тамызда сағат 19.40-та үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Полицейлер бойжеткеннің 2010 жылдан бастап білім алған Астана қаласында тұратынын, кейіннен Астанада жұмыс істеуге қалғанын анықтады. 15 тамызда анасы қызын ауылға алып келген. Бір тәуліктен кейін бойжеткен жоғалып кетеді, ол үйінде ұялы телефоны мен жеке басын куәландыратын құжатын да қалдырып кеткен.

Іздеу барысында жедел қызметкерлер Жолдыбаеваның достарынан Мақпал үйден шығарда оған таныс жігіті хабарласқанын айтты, жігіт оны Астанаға шақырған, ол келуге уәде берген.

18 тамызда Мақпал «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен достары мен туыстарына Астанада екенін, үйіне қайтқысы келмейтінін айтқан, әрі ол ата-анасына өзі үшін алаңдамауын, Астанада өз бетінше өмір сүргісі келетінін айтып хат қалдырған екен.

Оны іздеуге Ақмола облысы, Астана қаласы және көрші облыстар ІІД жеке құрамдары тартылды.

Нәтижесінде қыз Астана қаласынан табылды, қазіргі кезде анасы оның қасында», деп көрсетілген хабарламада.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ата-анасын ойламай кеткен қыздан не үміт күтуге болады?Қара басының қамымен елді дүрліктірген қызды жауапқа тарту керек.Қайран ана жүрегі қандай күйде болды десеңізші…..

  • Анонимно says:

    Анасын əбден уайымдатыпты гой.ұят болыпты.ен бастысы аман есен екен.шукыр.тек кыз баланың тəрбиесыне жіті карау керек деп ойлаймын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар