Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жетім қызды өлтірген қылмыскерге жаза кесілді

Ақмола облысында ер адам әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды өлтіріп, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

ысыс

Сурет sakhalife.ru

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Бұрын сотты болған Щучинск қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы балалар үйінде тәрбиеленетін қызбен танысқан. 1994 жылы туған күдікті жетім қызды мемлекеттің асыраушысы жоқ себепті жәрдемақымен қамтамасыз ететінін біледі. Жігіт өзімен бірге Ақкөл почтасына барып ақшаны алып қайтуға үгіттеген. Қайтар жолда жігіт қыздан өзіне 300 мың теңге беруін сұрайды. Бұдан бөлек қыз оған 150 мың теңге беріп, оны әпкесіне жеткізуін сұраған. Бірақ, жігіт ол ақшаны өзі иемденіп алыпты.

Көп кешікпек қыз одан ақшамды иемденіп кеттің деп, қайтаруын талап етеді. Күдікті оған Щучинск жағалауындағы ағаштар отырғызылған адамдар жоқ жерде кездесуді ұсынған. Сол жерде ол қызға арқа тұсынан шабуыл жасап, жіп баумен тұншықтырған. Ол мәйітті жапырақтардың арасына жасырып, кетерде ұялы телефонын алып кеткен.

Мамандандырылған ауданаралық сот тергеу нәтижесінде оны қыздың өліміне айыпты деп тапты. Сондай-ақ қайтыс болған қыздың әпкесіне 1 миллион 430 мың теңге көлемінде материалдық және моральдық шығынды өтеуі тиіс.

“Күдікті 17 жылғы бас бостандығынан айыралыды және мүліктері тәркіленбек. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияды өтейді”, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Талқылау