Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жас жігіт дәрігерлердің қате диагнозы мен емінен кейін көз жұмған

Ақмола облысының Атбасар қаласында дәрігерлердің салғырттығынан 19 жастағы жігіт көз жұмды. Анасы мұны сот арқылы шешті.

83be952985f62cbe542f6ec151a952da

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

2013 жылы 23 ақпанда Атбасар тұрғыны Наталья Рамазанова жалғыз баласы 19 жастағы Андрейді емхана алып келеді. Балаға өкпесі қабынған деген диагноз қойылып, дәрігерлер анасына алдымен дәрі-дәрмек алу керек екенін айтады. Үш күн өткен соң баланың жағдайы нашарлай бастайды. Кеңесте науқас баланы Көкшетауға жеткізу ұсынылды. Анасы баланың жағдайы күн санап нашарлап бара жатқанын көріп, тасымалдау ақысын өзі төлейтінін айтқан. Алайда, оған келіспепті. Науқас 4 наурыз күні көз жұмды.

Анасы ұзақ уақыт бойы өзіне келе алмай жүрді. Полицейлер баланың өліміне жүрдім-бардым қарап, ақыры істі жылы жауып қояды. Күз айында әділеттік іздеген әйел сотқа арызданы. Кейін тексеріс барысында науқасты емдеу мүмкіндігі болғаны анық болды. Алайда дәрігерлер салғырт қарап, қателік жіберген. Науқасқа дұрыс диагноз қойылмай, тиісінше ем жүргізілмеген.

Сот ауданаралық көп профильді емхананы кінәлі деп тауып, Наталья Рамаановаға 2 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Нұржан Баймулдин

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыз ауруы: Психикалық дертке шалдыққан 10 танымал тұлға (фото)

Жүктіліктің 23-аптасында туған егіздер таңғажайыптың күшімен аман қалды (фото)

Ақтөбеде ата-аналары бас тартып, екпе егілмей қалған жиырма бала туберкулезге шалдыққан

Талқылау