Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ауыр халде жатқан науқас терезеден секіріп мерт болды

27 маусым күні Бурабай ауруханасына саяжайда демалып жатқан ер адам жеткізілген еді. Ол алкогольді ішімдікті көп тұтынғандықтан, асқазанын қан аға бастаған.

pic_47804

Сурет: regionsamara.ru 

Науқас өзін ұстай алмай, дәрігерге тұра ұмтылған. Дәрігерлер оны ұстап, тыныштандыру екпесін салған.

«Алайда бұл да науқасқа көмектеспеген. Ол түнде 4-қабаттағы жансақтау бөлімінің терезесінен секіріп кетіп, мерт болды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді Бурабай ауданының прокуроры Дархан Аманбай.

Прокуратурада ер адамның бауыр циррозымен ауырғаны айтылды. Бұл дерт адамның психикасының бұзылуына әкеледі.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда екі жасар бала 5-қабаттан құлап, мерт болды

ШҚО-да екі ер адам канализация құдығында уланып көз жұмды

Павлодар облысындағы түзеу мекемесінде тұтқын төбелестен соң көз жұмды

Талқылау