Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер ұсталды

Ақмола облысында іздеуде болған сотталушы ақыры қолға түсті.

Бүгін қылмыскердің түрмеден қашып кеткенін хабарлаған едік.

26 жастағы қылмыскер адам өлімі, қыз зорлау, ұрлық ісі бойынша сотталып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған.

“17 маусым күні Степногорск қаласындағы Ц-165/18 түзеу мекемесінен Қасенов Е.Ж есімді сотталушы қашып кетті. Ішкі істер органдарының жедел іздестіру шарасы барысында оның қайда екені анықталып, қолға түсті”, – деді ІІМ-дегілер.

Қазіргі уақытта қашу ісі бойынша тергеу жүруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау