Ақмола облысында сарбаз өзін өзі атып өлтірді
Ақмола облысының Степногорск қаласында сарбаз өзіне қол салды.
ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, 18 тамызда тамыздың қатардағы жауынгер Роман Данияев күзетте тұрған жерінде өз басына қарумен оқ атқан. Сарбаз сол жерде көз жұмды.
ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Қанат Достң айтуынша, марқұм болған Роман Данияев 21 жаста еді. Ол Қарағанды облысынан келген. Қазі тиісті сараптама тағайындалып, тергеу жүруде.
«Орталық» өңірлік қолбасшылығы және 3517 әскери бөлімі марқұмның отбасына көңіл айтады.
Сарбаздың отбасына қаралы хабар жетіп, мәйітті туған жеріне жеткізді. 20 тамыз күні жерлеу рәсімі өтті.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау