Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында полиция сержанты жұмыс орнында атылып өлді

Полиция қызметкері соңғы уақыттарда ірі көлемдегі қарызын уайымдап жүрген.

policiya-28

Ақмола облысы ІІД баспасөз хатында полиция қызметкері өзін табелдік қарумен атқаны жайлы айтылған. Оқиға 11 қаңтар күні Есіл ауданында болған.

« Уақытша қамау изоляторының сақшысы 1994 жылы туылған азамат өзінің атындағы жұмыс қаруымен басынан атылған. Оқиға бойынша сот алды тергеу ісі басталып кеткен. Сондай-ақ, қайғылы жайтқа оның жұмысы емес жеке өміріндегі жағдайлар себеп болған»,-делінген хатта.

Қайтыс болған полиция қызметкерінің анасы оның соңғы кездері ірі қарызына байланысты көңіл-күйі болмай жүргенін айтқан. Ол қарызға көлік алған екен.

« Ол ішкі істеп қызметінде 2105 жылдан бастап қызмет еткен, бойдақ. Жұмысқа алынар кезде өткен психологиялық, медициналық сараптама қорытындылары бойынша өз-өзіне қол жұмсауға бейім еместігі анықталған еді»,-деп жазылған хабарламада.

Талқылау